Ұйғыр аудандық кітапхана

Аудандық кітапхана 1948 жылы Шонжы ауылында құрылды. Алғашқы директоры болып З.С. Багринцева қызмет атқарып, сол кездегі кітап қоры 570 дананы құрады. 1955 жылы аудандық кітапханаға жоғары білімді маман З.Субботина директор болып тағайындалған. 1960-1964 жылдары Г.Мансурова, 1964-1967 жылдары Л.Плескачева, 1967-1998 жылдары М.Самикова, 1999-2000 жылдары Г.Тұрдыбакиева, 2000-2007 жылдары А.Мусьяров сияқты азаматтар басқарды. 1979 жылы Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» туралы қаулысына орай аудандағы кітапханалардың саны 38-ге жеткен. 1999 жылдан оңтайландыру кезінде 35 кітапхана жабылып, қалған 3 кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетті. 2007 жылы бір мезгілде 15 ауылда кітапхана ашылып, бүгінгі таңда 18 кітапхана жұмыс істеуде.

Кітапхананың мекен-жайы: Шонжы ауылдық округі, Шонжы ауылы, К.Исламов к-сі №31а. Жеке арнайы ғимаратта орналасқан.
Халық саны – 19812
Салынған жылы – 2013
Ашылған жылы — 1948
Көлемі –  805 ш.м.
Штат бірлігі – 21
Қызметкерлер саны — 21, оның ішінде кітапханашылар – 13
Кітап қоры – 61301, оның  ішінде мемлекеттік тілде – 19890
Оқырмандар саны – 4829
Материалдық-техникалық базасы:yigyr audandyk.jpg - 25.77 Kb
Интернет – 3
КАБИС – бар
Компьютер саны – 25
Бөлме жиһаздары:
Стеллаж – 195
Кафедра – 3
Каталог – 1
Үстел – 56
Орындық – 103
Күрделі жөндеу қажеттілігі – жоқ
Жылу жүйесі – сұйық отын
Автокөлік – 1 (УАЗ)
Кітапхана директоры — Турсунова Аида Джаппарқызы

Реклама